- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен де білмеймін"....
"Мен де білмеймін". ТЖД басшысы "Майқайыңда" құтқарушыларды іздестіру неге тоқтатылғанын түсіндірді
Павлодар облысының төтенше жағдайлар департаменті басшысы Жасұлан Жұмашев "Майқайың" кенішінде 55 жастағы жүргізуші мен 36 жастағы құтқарушылар взводы командирінің орынбасарын іздеу не себепті тоқтатылғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"Қазір жұмыс жүргізіліп жатқан жоқ. Қолданыстағы заңнамаға, нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкес, одан әрі жұмыстарға арналған жоба, мемлекеттік сараптамамен және түрлі зерттеулер, оның ішінде геомеханикалық, георадарлық, геофизикалық зерттеулер жүргізумен жұмыс жоспары болуға тиіс", - деп түсіндірді Жасұлан Жұмашев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.
Оның айтуынша, іздеуді жалғастыру үшін шұңқырдың тоспасына түсуді жабдықтап, одан әрі жұмыс істеу үшін алаң дайындау керек. Бұл жағдайда "төмендегі адамдардың 200 пайыздық қауіпсіздігі" болуы керек. Бұл тек құтқарушылар емес, сонымен қатар инженерлік техникадағы мамандар – экскаваторлар, бульдозерлер, тиегіштер. Әзірше қардың еруіне байланысты, әсіресе, борттарда үлкен эрозиялар пайда болады.
"Рұқсат деңгейін тек жобалаушылар мен сарапшылар береді. Бұл қашан басталатынын білмеймін. Нысан жеке. Оның иелері қашан келісімшарт жасасады, мен де білмеймін. Олардың өзіндік техникалық, технологиялық, қаржылық шешімдері бар. Төтенше жағдайлар министрі алаңды дайындағаннан кейін құтқарушылар жұмыс істеуге баратынын растаймын", - деді Жасұлан Жұмашев.
Айта кетейік, іздеу 21 ақпанда тоқтатылды.
1 наурыздан бастап Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайың кентінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.
Төтенше жағдай "Майқайыңалтын" АҚ-ның жер асты кеніші аумағында болған апаттан соң шұңқырға жақын орналасқан тұрғын үйлерде тұратын адамдардың өміріне төнген қауіп-қатер ықтималдығына байланысты жарияланған.
"Майқайың" кенішіндегі апатта іс-түзсіз жоғалған екі құтқарушының туыстары іздестіру жұмыстарын жалғастыруды талап етті. Қара жамылған отбасылар жақындарының енді тірі табылатынына сенбейді. Тіпті үмітін үзгендерін де айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан