Мен болмағанда, Израиль баяғыда-ақ жойылып кетер еді - Трамп

АҚШ президенті Дональд Трамп билікке келмегенде, Израиль жойылып кетуі мүмкін еді деп мәлімдеді. Бұл туралы ол жұма, 24 шілдеде Ақ үйде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мен президент болмағанда, Израиль де болмас еді. Тіпті Таяу Шығыс та қазіргі қалпында сақталмауы мүмкін еді. Иран Таяу Шығыстың түкпір-түкпіріне кенет шабуыл жасай бастағанын өздеріңіз көрдіңіздер.

Иранның қолында ядролық қару болғанда, оны қолданар еді. Онда бүгін біз білетін Таяу Шығыс та болмауы мүмкін еді. Ал меніңше, Израильдің мүлде жойылып кететіні анық еді", - деді Трамп.

Трамп АҚШ президенті болмағанда, Израиль болмас еді деген пікірін бұған дейін де айтқан. Ол осындай мәлімдемені маусымның басында жасаған.

Трамп бұл пікірін АҚШ-тың Иранға қарсы әрекеттерімен байланыстырды. Оның айтуынша, Вашингтонның қадамдары Иранның Израильге қарсы ауқымды шабуыл бастауына жол бермеген. 

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!