Танымал журналист, тележүргізуші Дина Төлепберген анасының қарапайым қызметі туралы айтудан ұялмайтынын жайып салды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Көп адам мені байдың қызы деп ойлайды, бірақ олай емес. Аш кезімде тамақ туралы ойламау үшін тез ұйықтап қалуға тура келетін сәттер болды. Анам күтпеген жерден кезекті ауысымда қалып қоятын күндер кездесті. Бірақ мен бұдан кем боп қалмадым. Бұрын мен бұл туралы айтуға ұялатынмын, менің анам біресе күтуші, біресе тазалықшы болып жұмыс істейтін. Қазір маған басқалардың не ойлайтыны маңызды емес. Өзіме адал болғаным және айналамдағы адамдарға да сондай болғаным маңызды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дина Төлепбергеннің айтуынша, қазір оның балалары басқаша өмір сүретінін айтты. Дегенмен, балалары еш қиындық көрмесе де, қолда бардың қадірін біліп жүргенін қалайтынын да жасырмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз