Танымал актер, "Өнер қырандары" театрының мүшесі өзінің өміріндегі ең қорқынышты кезеңмен бөлісті. Өнер иесі бұл туралы Дәстүрлі подкастына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Театр актері Жанболат Найзабеков гострольдік сапарда жүргенде тылсым жағдаймен бетпе-бет келгенін жеткізді.
"Гострольмен сапарда жүрміз. Астанада Степногорск деген қала бар сол жерге біз түнгі екіде Павлодардан келдік. Қалаға кіреміз, кірсек барлығы тастанды үйлер. Ішкі үрей болды. "Мына үйлердің ішінде жын көп шығар, кино түсіретін жер екен" деп қойдым. Бізді күтіп алған имамдар бірден "жігіттер бұл жерде қонақүй жоқ, сіздерді жалдамалы пәтерге орналастырамыз" – деді. Үйлер енді тым ескі. Мәкең (-еск. Мадияр Серікбай) әйелі екеуіне бір бөлме берді, театрдағы қалған жігіттерді үш бөлмелі пәтерге алып кетті. Кірдік, іші қараңғылау, жоғарыда жанып тұрған жарық бір тиіп, бір тимей тұр. Пәтерге кіруге есікті аштық, ескі ағаш есік екен. Есік ашылды, моншақтары бар перде ілініп тұр. Мен бірінші ішке кіріп, "жігіттер мына үйде бірнәрсе бар" - дедім. Мені артқа қарай тартты. Шынымен қонақүй жоқ па? - деп сұрадым. Театрда Мэлс деген жігіт бар. Ол ондай нәрселерден қорықпайды. Ол кіріп. "Ұйықтай беремін" деді. Пәтерге кіргенде оң жағында бір бөлме тұрды. Ол сол жерге ұйықтауға кетті. Театрдағы 3-4 жігіт алда тұрған бөлмеге кетті. Сол жағында ас бөлме сосын артында зал бар. Сырым деген жігітпен кереуетке жаттық. Жолдан шаршап келген соң ұйықтап кетіппін. Бір кезде белімнен біреу түртіп, құлағыма ыңырсыған дауыс естілді"
© фотоскрин/Дәстүрлі подкаст
"Оянып қарасам, Сырымбек бастырылып қалған. "Лә иләһә илаллаһ Мұһаммәдүр расулуллаһ" деп оятсам, Сырымбет "Субханаллах", бастырылып қалдым - дейді. Ұйықта-ұйықта деп әрең жатсам, бір кезде дәліздің жарығы шарқ етіп жанды, ас бөлменің суы ақты. Жігіттердің бәрі ұйықтап кеткен, менде маған келмесе екен деген ой. Кіреберістегі моншақ бір-біріне тиіп, сылдарлап тұр. Мэлстің жатқан бөлмесінің есігі шиқ етіп ашылады. Сағатқа қарасам таңғы алты болған. Бір кезде менің арқамда біреу демалып тұрғанын сезесің ғой. Біреу желкемде демалып тұр. Мен бар сүремді оқып отырмын. Бір кезде телефон шырылдады. Таң намазының уақыты кірді. Сосын жігіттерге айқайлап жіберіппін "Таң намазы кірді" – деп. Сондай қызықты оқиға болды. Бірақ оны мен және Сырымбек екеуміз ғана байқаппыз", - дейді театр актері Жанболат Найзабеков.
Айта кетейік, бұған дейін "Өнер қырандары" театрының жігіттері, директоры Мадияр Серікбайға су жаңа көлік сыйлаған болатын. Қандай көлік, бағасы қанша екенін сілтемеге өтіп оқи аласыз.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!