"Қызыл раушан"-ға дейінгі көптеген әндерім хит болмады" деген әнші Ұланғасыр Қамиев Zhuldyz FM-де қонақта болып, Massaget.kz тілшісінің осы және өзге де сұрақтарына жауап берді.
Жастайынан қолына қазақтың домбырасын ұстап, жанына серік еткен Ұланғасыр Қамиевті бүгінде халық "Қызыл раушан", - деп таниды. "Хит болам дегенше аянбай тер төктім" деген әнші жаңа альбом шығарғанын жеткізді.
"Жайлау" деген атау тағып, алты өлеңнен топтастырылған жаңа альбом шығардым. Түсірілім үшін Түркияның Стамбул қаласына бардық. Себебі еліміздің көп өңірлерінде қар басып жатты. Сондықтан Түркияның ауылына барып, альбомды жарыққа шығардық. Бұл альбомның негізгі мақсаты кең далада еркін өскен бала болған соң, атауын "Жайлау" деп қойдым", - дейді өнер иесі.
Хит болған "Қызыл раушан" әніне дейін Ұланғасырдың өзі әнге сөзін өзі жазып, ал бейнебаяндарға қыруар қаржы жұмсай қоймаған. Бірақ қазір халыққа сапалы дүние ұсынуға тер төгіп жатқанын жеткізді.
"жақында Қазақстан бойынша ауқымды жеке ән кешін өткіземін" деген әнші. Халыққа тосынсый дайындап отыр екен.
"Жеке ән кешімді Батыс Қазақстан облысынан бастаймыз сосын күз айына дейін қалаларды айналып ең соңында ешбір шоу бизнес өкілдері жасамаған шоу концерт өткізсек деп отырмыз. Бірақ әзірге халыққа бұл құпия болсын", - дейді әнші.
"Маған қайда барасың?", "Кіммен барасың?", - деп сұрамайтын, ақшаны санамайтын қыз болса әрине үйленуге дайынмын,- деген жігіттің алға қойған жоспары өте көп екенін жеткізді.
Әншінің жанкүйерлеріне құлаққағыс - мамыр айынан бастап Ұланғасыр Қамиев Қазақстанның барлық қалаларын аралап жеке ән кешін өткізбек.
Айта кетейік, "Қызыл раушан" әнінің жарыққа шыққанына көптеген жыл болмасада көрерменнің ықыласына бөленіп үлгерді. Бейнебаянды жүктеген күні youtube желісінде 17 миллион қаралым жинады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!