- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мен аузы күйген...
"Мен аузы күйген продюсермін". Құралай Анарбекова соңғы кезде артық сөйлеуге қорқатынын мойындады
Танымал актриса, продюсер Құралай Анарбекова "Aq pen Qara" Youtube-арнасына берген сұхбатында қиындықтың шешімін дұға арқылы ғана табатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі қазір артық сөйлеуге қорқатынын жеткізді.
"Мен аузым күйген де, қуанған да продюсермін. Бұрын бәрін жоғары сапада жасап, қолымдағы қаражаттың бәрін жарнамаға бағыттайтын болсам, фильм жарып шығып, көп ақша табамын деп ойлайтын едім. Алайда бұл олай емес екен. Бәрі бір алланың қолында. Мен қолымнан келгенін істеймін, сапасын жақсы етуге тырысамын, ал қалғаны несібеме қарай бұйырады, маңдайыма қанша жазылса, сонша келеді. Мен тек алланың қалауымен деп айтамын, басқаша сөйлеуге қорқамын", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Сүйінші". Құралай Анарбекова қуанышты жаңалығын бөліскені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: 8 наурызға не сыйлауға болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә