- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мені асырап алған"....
"Мені асырап алған". Күтпеген мәлімдеме жасаған шоу-бизнес өкілдері
Қазіргі шоу-бизнесте даулы мәселе, даулы тақырып өте көп. Өйткені сан алуан бағдарлама, ток-шоулар, әлеуметтік желілер арқылы түрлі ақпарат ел арасына тез тарап үлгереді. Massaget.kz тілшісі шоу-бизнесте даулы, қызық мәлімдеме жасаған танымалдар кім екеніне шолу жасады.
"Мені асырап алған"
Танымал рэпер Жан Ахмадиев "Астарлы ақиқат" бағдарламасында өзін кішкентай кезінде асырап алғанын айтқан еді.
matrica.kz
"Мені асырап алған. Бала кезімде беріп жіберген. Асырап алған. Баланы тастауға болмайды. 25 жасқа толып, аяғымнан тұрған соң шалдың не керегі бар? Мені асырап алған адамның арқасында адам болдым. Сол кісіні пір тұтамын, құрметтеймін", - деген еді ол бағдарлама барысында.
"Маған пәк қыз керек"
Актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтаров та қызық мәлімдеме жасаған еді. Ол Taboo бағдарламасында пәк қыз іздеп жүргенін айтқан болатын.
"Қазір таңдап жүрмін, мінезіме келмей қалады. Көбіне бір себеппен келмей қалады. Қазір қыздар қырылады. Маған пәк қыз керек. "Неге?" дейді қыздардың көбі. "Менің талғамым" деп құтыламын. Менің талғамым сондай. Маған сондай қыздар керек. Тікелей сұраймын. Уақытымды құртқым келмейді", - деді актер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ"
Желіде күтпеген мәлімдеме жасағандардың бірі - Әміре лақап атымен танымал Ернар Садырбаев. Ол оқырмандарының сұрақтарына жауап беру барысында болашақта кәсіпке кеткісі келетінін мәлімдеген еді.
Оқырмандарының бірі одан 5 жылдан кейін қай салада болатынын сұраған.
"Бизнестен көремін. Сахнада өнер көрсеткенімше көрсетемін. Әрі қарай хобби болып қалады. Қартайғанша ән айтатын мақсатым жоқ. Керісінше, жас таланттарға көмектесіп, қолдау көрсеткім келеді. Болашақта өзімді жеке бизнестен көремін. Бәрі Алланың қолында", - деген еді ол Instagram-парақшасында.
"Шуба сатып алмаймын"
Аtr.kz басылымының мәліметінше, Жазира Байырбекова Instagram-парақшасында тон сатып алмайтынын айтқан. Оның бұл мәлімдемесі жануарларға аяныштан туындаған.
"Кешіріңіздерші. Енді жануарларды қинап, терісін тірідей сыпырып жасайтын шубаларды сатып алмаймын. Қалай жасайтынын көрсеткен видеолар көріп жаным ауырып кетті. Болашақта құдаларыма да сатып алып бермеймін, сыйлыққа да алмаймын. Алланың жан бітіргендерінің жанын қинауға үлес қосқым келмейді", - деп жазған ол.
"Бір ай ішінде айырылыстым"
Актер Шәріп Серік Say Mo лақап атымен танымал Мөлдір Есембекпен бір ай ішінде айырылысып кеткенін айтқан болатын. Ол бұл туралы TALK LIKE бағдарламасына берген сұхбатында әңгімелеп берген.
Актердің айтуынша, олар екі жыл бірге тұрған. Алайда үйленген соң бір айдан кейін жолдары екіге айырылған.
"Мөлдірді сүйдім, әрине, сүйдім. Ол адаммен екі жыл тұрдым. Мен ол кездері анамнан дұрыс сепарация (бөліну - еск.) жасаған жоқпын, анаммен дұрыс жұмыс істемедім. Мөлдірмен дұрыс әңгіме айтқан жоқпын. Бізде қыдыру, махаббат, құмарлық болды. Бірақ тұрмысты да көрдік, екі жыл бір пәтерде тұрдық. Карантин кезінде күнде бір-бірімізді көрдік. Анам жібергісі келмеді, Мөлдір көргісі келген жоқ. Мөлдір біраз жаман жағымды көрді. Мөлдірге мың да бір рақмет. Ол мені махаббатқа үйретті. Қыздарға деген көзқарасты өзгертті. Ол маған қамқорлық көрсетті. Жаман нәрселер де болды, тұрмыс болған соң. Мүмкін ол да "жаман нәрсесі үйленгеннен кейін көбейіп кете ме, үйлену емес, түрмеге отырып кетемін бе" деп қорқып қалған шығар. Оның да ойы - әйгілі жұлдыз болу, рэп орындаушы болу. Менен де "киіміңді, образыңды ауыстырасың ба" деген нәрселер кетіп жатты. Басында образын қатты өзгерткім келді. ...Түсінбеушілік пайда болды, әйтеуір сөйлестік. Бірақ анам ондай қызға, ондай образға мүлде дайын болмады. Жүрдік, күшті уақыт болды, ажырастық, ол да керек болды. Қазір Мөлдірге ешқандай шағымым жоқ. Керемет уақыт болды, керемет махаббат болды. Ең бастысы бас аман болсын, өмір жалғасады... Заңды түрде ажырастық", - деген еді актер.
"Ең кедей отбасында өскенмін"
Бүгінде Қазақстандағы ең танымал әйелдердің біріне айналған, жақында Түркия төрінде той өткізіп, қызу талқыға түскен Айнұр Тұрсынбаева да қызық мәлімдеме жасаған. Stan.kz мәліметінше, ол өз өмірін баяндап берген.
"Менің өмір тарихымды білмейтіндер көп. Мен біздің Көкжыра ауылындағы ең кедей отбасында өскенмін. Пойызға алғаш 12 жасымда міндім. Оған дейін тіпті кәдімгі "Жигулиге" мініп көрмегенмін. Тек сары автобуспен жүретінбіз. Апам ауылда ішек-қарын тазалап, ақша табады. Мектепке киетін форманы алатын ақша жоқ, бір форманы 4 жыл кигенмін. Бойым өсіп кеткен, көйлек сыймай тырысып тұрады. Қимылдасам, сөгіліп кете беретін. Пимам болатын, көп сырғанағаннан ескіріп кеткен, табаны тесіліп қалған. Осы пимамен 2-3 жыл жүрдім. Шылқылдаған су, қақаған аяздан тапқаным - ревматизм. Әлі күнге дейін күн бұлттанса, аяқтарым қақсап кетеді. Бір күні сабақ өтіп жатқанда бір апай кіріп келді. "Осы сыныпта көмекке мұқтаж оқушы бар ма" деп сұрады. Мұғалімнен бастап бүкіл сынып маған қарады. "Иә, бар, Айнұр Тұрсынбаева. Оның пимасы да, пальтосы да жыртық" деп шулап кетті. Содан бастап маған жыл сайын мектептен арнайы киім берілетін болды. Жап-жаңа етік пен әдемі пальтоны бірінші рет сол кезде кидім. Мен сол жағдайдан шықтым", - деген Тұрсынбаева.
"Мені танымады"
Үш жыл бұрын тұрмысқа шыққан танымал әнші Тамара Асар Желідегі парақшасында жұбайымен қалай танысқанын айтқан болатын.
"Шымкент аэропортының VIP залында... Мүмкін, кейін айтып берермін. Екеуміз де ересек адам болған соң ертегі қылып, жырлап жазуға ыңғайсызданамын", - деп түсіндірген ол.
Бір қызығы жолдасы Тамара Асардың әнші екенін көпке дейін білмепті.
"Мен жайында түк білмеді, көпке дейін түсінбей жүрді. Қостанайдың 65 пайызы мені танымайды. Көшеде, базарда, дүкенде еркін жүре беремін", - деп жазған ол.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова