“Мені алмай кеткен жігіт наркоман екен“. Айнұр Тұрсынбаева махаббат оқиғасын бөлісті

“Мені алмай кеткен жігіт наркоман екен“. Айнұр Тұрсынбаева махаббат оқиғасын бөлісті
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Белгілі айтыскер ақын, психолог Айнұр Тұрсынбаева желіде басынан өткен оқиғасын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Ол студент шағында болған оқиға жайлы айтты. Құрбысының сіңлісі жайлы махаббат әңгімесін баяндады. Оқиға осыдан 20 жыл бұрын болған. 

"Бізге келген кезде жігітімен ренжісіп қиналып жүр екен. Сонымен не керек жатақxанадағы "данышпан қыздар" күнде отырып алып ана қызға ақыл айтамыз. "Ренжітетін жігітті қой, сұлусың, жігіт табылады" деп миын ашытамыз. Бір күні қызымыз еңіреп жылады. "Мен оны сүйемін, онсыз өмір сүргім келмейді, өмір бойы сүйетін боламын, басқа ешкім керек жоқ!" деп бір-ақ кесті. 10-15 күннің ішінде ап-арық болып жаман жүдеп кетті. Сөйтіп жүргенде ол албасты жігіті басқа қызға үйленіп тынды" деп жазды ол. 

Сол жайттан кейін ауыр күйзеліске түскен ол қызды бірнеше жыл өткеннен кейін бір-ақ көргенін айтты. 

"Кейін инста әлемінің қызығы басталғанда бір жерден сол қызымның айдай сұлу жүзі жарқ ете қалды. "Мәссаған, сұлу қыз, бұрынғыдан да сұлу боп кетіпсің, 2 балаң бар екен ғой, уақыт деген қандай ә" деп бірден дайректке xат жаздым. Сосын Алматыда кездесіп шай іштік. Күйеуі заң саласында бастық, ұлы, қызы бар екен. Баяғы еңіреген қыз есейген, ақыл тоқтатқан! "Айнұр әпке, баяғы мені алмай кеткен жігітті көрдім. Күйеуімнің досы ішкілікке салынып, наркодиспансерде жатқан, сол жердің ауласында отыр, наркоман екен. Сондай білімді жігіт сондай xәлге түседі деп кім ойлаған?! Мені танып маған қарап қалды ғой" деді. "Алла мені неге сонша жылатты, неге мені сүймейді деп жылап едім, керісінше мені шексіз сүйіп үлкен қиындықтан құтқарған екен ғой" дегенде не айтарымды білмедім" деп жазды ол. 

Айнұр Тұрсынбаева бұл оқиғаны көпке сабақ болсын деп бөліскенін айтты. Әр қиындық пен сынақты артында үлкен қуаныш бар екенін еске салды.

Еске салайық, бұған дейін айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева желідегі парақшасының хакерлердің қолына түскенін бөліскен еді. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Литпин