Танымал блогер, ментор Мереке Жүсіпбекқызының желідегі видеосы қызу талқыға түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мен мәхрге кемінде 3 бөлмелі пәтер сұраймын. Алматы немесе Астана қаласынан әдемі ЖК-дан сұраймын. Себебі мен соған лайықпын. Мені алған жігітте арман жоқ. Маған әперген 3 бөлмелі пәтерді мен 2-3 айда ақтап тастауым мүмкін. Одан бөлек, өзімнің пәтерім бар. Менің екі дипломым бар. Табысым да жаман емес, айына 5 миллион табамын. Маған 3 бөлмелі пәтер әпере алмаса, жігіттер әлеуметтік желіде жазбай-ақ қойсын", - дейді ол.
Блогер қыздың сөздері желі қолданушыларының ашуын туғызған сияқты. "Екі дипломың болғанмен ақылың жоқ екен", "Жақында қазақтың жігіттері басқа ұлттың қыздарын ала бастайды...Махр деп жүріп не күйеу жоқ, не басқа жоқ дымсыз қалмаңдар. Дүние бірде бар, бірде жоқ..." деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз