Төрт баласымен америкалық азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қызы Айдын Тоқсанбаева отбасылық өмірі туралы қызық жайтты айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, жұбайының түсіне оның өзі де, төрт баласы да кіріп жүрген.
"Алланың қалауы болмаса біздін бірге болуымыз мүмкін емес еді! Иә, ол мұсылман емес, христиан. Бірақ ол кейбір мұсылманмын деп көкірегін ұратын адамдардың қолынан келе бермейтін үлкен сауапты іс жасауда. Сондықтан әртүрлі дін болса да бізде Алланың қалауымен барлығы жақсы! Алла тағалам осы христианға мені және 4 баламды аян етіп түсінде кіргіздіріп, есінен шығартпай қойған. Ол кезде менің 4 балам барын білмейді", - деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жұпқа бақыт тілеген.
"Нағыз әке деген осы, ұзағынан сүйіндірсін, ұлдарыңыздың қызығын көріңіздер!", "Мәңгі бақытты болып, ұлдарыңыздың қызығын көріңіздер!", "Сенің бағыңа, балалардың бағына Алладан келген сый, ұзағынан, өмірлік болсын", "Не деген жүрегі үлкен азамат, Алла ұзағынан сүйіндірсін", - дейді олар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз