Желі қолданушыларын баласының туған күнін шатастырған ата-ана күлдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Видео Ақерке Әбілханның Instagram-парақшасында жарияланды. Кадрлардан баласын туған күнімен құттықтап жатқан ата-ана мен жақындарды көруге болады. Алайда бала құттықтау тортында жазылған санның қате екенін байқаған.
"Бәсе, неге біздің үйленгенімізге 12 жыл боп кетті деп қоямын. "Баламыз уже 11-ге толып жатыр, қой, тіршілік етейік" деп кеше Айдарға да мотивация оқып тастадым ғоой. Сөйтсем, 10-ға толған екен.
Өләә, онсыз да Бердібектің қалай өскенін білмей қалдық, енді тағы 1 жыл артығымен қосып бере салғанымыз қалай болды? Керісінше, халық болып 1 сағат артқа жылжып жатсақ, біз 1 жас ерте есейтіп жіберіппіз ғо.
Айдар еще мені кінәлайды "Қалай ұмытасың?" деп. Оған ұмытуға болады, маған жоқ, мәәәә.
Түнде 3.45-те туғанмын деп минутына дейін айтып жатқанмын.Не болса да көп жасасын! Мағыналы, бақытты ғұмыр тілеймін жаныма", - деп жазған видео авторы.
Бұл жағдай Желі қолданушыларын әбден күлкіге қарық қылды. Видео астына пікір қалдырғандар да басынан өткен жеке оқиғаларын бөліскен.
"Мына бала үйдің ортаншысы емес пе?", "Мен үлкен баламнан "неше оқисың?" деп сұрай берем", Жыл анасы болдыңыз ғой", "Мен де осолай шатасып, жақында қызымның туған күнін бір күн бұрын тойладық", "Кеше бір парақшадан көріп едім, бір келіншек алтыншы кызының тортына "Ясина 1 жас" деп жаздырган, бірақ оның есімі Аниса екен", "Менің жеңгем 1 ай бұрын тойлап тастаған ғой, бүгін сенің туған күнің деп бой бермей", "Мен де жазда аквапаркке екі баламмен барғанда "балалардың жастары нешеде?" десе, мен екеуіне қарап "нешедесіңдер?" дегенмін", "Баланың жасын қойшы, "өзіңнің жасың нешеде?" дегенде ұмытып қаламыз ғой. Алла ұзақ ғұмыр берсін", - деп жазған Желі қолданушылары.
Тағы да оқи отырыңыздар: «Қамар сұлу» романына талдау
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!