- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік тілде сөйлейтін...
Мемлекеттік тілде сөйлейтін тұрғындардың көбі қай өңірде екені анықталды
Атырау облысы тұрғындарының 97 пайызы мемлекеттік тілде сөйлейді. Бұл тұрғындар арасында жүргізген әлеуметтік сауалнама кезінде белгілі болды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының бұйрығымен әлеуметтік сауалнама жүргізіліп, онда жалпы саны 800 адамның қатысқаны айтылады. Сауалнамаға сәйкес, Атырауда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі ең жоғары екені анықталды: мемлекеттік тілде сөйлейтін ересектердің үлесі – 96,9 пайыз. Ағылшын тілін білетін ересектердің үлесі 15,3 пайыз, бір уақытта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сөйлейтін – 12,1 пайыз. Мұнымен қоса, респонденттерге қазақ тілін реформалау және латын әліпбиіне көшу деңгейін анықтау үшін бірнеше сұрақ қойылған. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей, респонденттердің 85,8 пайызы елдегі үш тілде білім беру саясатын қолдайды және оны тиімді деп санайды (71,1 пайызы), ал қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру уақыт талабы деп есептейді. Жоғары біліммен жастарды реформалауға оң баға берілді. "Осы деректер негізінде облыстың тұрғындары мемлекеттік тіл саясатын қолдайды және оны жоғары деңгейде бағалайды", - деп хабарлады Атырау облысының тілдерді дамыту басқармасы.
Massaget.kz