Мемлекеттік тілді қорламаңыздар - Зайытов министрдің орынбасарларын сынады

Мемлекеттік тілді қорламаңыздар - Зайытов министрдің орынбасарларын сынады
Фото: ашық дереккөз

Депутат Ринат Зайытов заң жобасын ресми тілде таныстарған министрлердің орынбасарларын сынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мәжілісте Салық кодексінің жобасын және салық салу мәселелері бойынша ілеспе түзетулері таныстырылды. Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин, қаржы вице-министрі Ержан Біржанов құжатты орыс тілінде түсіндірді.

Ринат Зайытов шенеуніктерді бұлай істемеуге шақырды.

"Президет Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея сессиясында "Әркімнің патриоттық деңгейі мемлекеттік тілге деген құрметімен өлшенеді" деп анық айтқан. Бәлкім, Евгений Кочетовқа, Роман Васильевич Склярға, тіпті Ринат Рифхатұлы Зайытовқа да кешірілетін шығар. Бірақ атасының аты – Әміре, өзінің аты – Азамат, әкесінің аты – Біржан, өзінің аты – Ержан деген азаматтарға мына жерге келіп шүлдірлеп тұрған жараспайды. Басында 2 сөйлем, соңында 2 сөйлем қазақша айтып, өтірік мүсіркеп, мемлекеттік тілімізді қорламауға шақырамын", – деді мәжіліс депутаты.

Вице-министр Ержан Біржанов аталған заң жобасын талай рет қазақша түсіндіргенін айтты.

"Еркертуіңізді түсіндік. Мен екі тілде бірдей айта аламын. Салық кодексі болғандықтан кейбір спецификалық терминдер бар. Сондықтан орысша айттық. Бірақ мен осы кодексті талай рет алдарыңызда (мемлекеттік тілде) айттым", – деді ол.

Азамат Әмрин депутаттың сұрағына жауап бермеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

А. Есен