- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік орган ғимараттарында...
Мемлекеттік орган ғимараттарында смартфон қолдануға тыйым салынды
Қазақстандық министрлер мемлекеттік орган ғимаратында смартфон қолдануға тыйым салу жайлы айтылған құжаттың түпнұсқа екенін растады.
WhatsApp мессенджері арқылы ағымдағы жылдың 24 наурызынан бастап барлық мемлекеттік орган ғимаратында келушілер мен қызметкерлердің ұялы құрылғыларды (смартфондар, планшаттер, смарт-сағаттар) қолдануына тыйым салынғаны жайлы жазылған қызметтік хаттың суреті тарап кеткен болатын. Бұл шараның мемлекеттік қызметкерлердің ұялы құрылғыларды қызметтік мақсатта белсенді түрде қолдануы мен қызметтік мәліметтердің WhatsApp арқылы тарауы жайлы деректердің болғаны үшін қабылданғаны жазылған. Сонымен қатар "телефон шалу/жауап беру/sms" жүйесі бар ұялы құрылғыларды қолдануға рұқсат етілетіні де жазылған, бірақ бұл құрылғыларда Интернет-модульдер мен фото-видеокамералар болмауы керек екен.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Сенаттың үзілісінде бұл құжатқа байланысты сұраққа жауап беру кезінде былай деп айтты:
"Бұл ереже бізге түсіп қойды. Жалпы бұл көптеген үкіметте таралған тәжірибе. Меніңше, бұл қалыпты жағдай. Бұл телефонды қолданбаймыз деген сөз емес қой. Сәйкесінше мемлекеттік органдарға кіру кезінде мұндай телефондар белгілі жерлерде қалдырылуы керек, ал кейін шыққанда алып, қолдана бересің. Біз барлық жағдайда планшет қолдандық, үкімет отырысына да сонымен бардық. Бұл планшеттерде отырыста қандай мәселелердің талқыланатыны көрсетілген. Біз оларды тек үкімет отырысында қолданамыз, мұндай планшетті қолдануға рұқсат берілген".
Сонымен қатар мұндай бұйрықтың пайда болғанын ішкі істер министрі Қалмұхамед Қасымов та растады.
"Күзет бар жерде бұл бұйрықты орындаймыз. Иә, растаймын. (...) Мен сіздерге былай айтамын: біздікі жедел қызмет. Бізде көп мәселе құпия. Оларға рұқсат жоқ. Сондықтан өз жиналыстарымызда мұндай құралдарды пайдаланбадық", − министр. Осыдан кейін ол батырмалары бар Nokia телефонын көрсетті. Ол бұл құралды 10 жылдан бері қолданып келе жатыр екен.
Дереккөз:Tengrinews
С. Ерсін