Қаржы министрі Мәди Тәкиев Қазақстандағы барлық мемлекеттік мекеме жылына коммуналдық қызметке қанша қаржы жұмсайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгінде еліміздегі барлық мемлекеттік мекеме коммуналдық қызметке (жылына) шамамен 30 млрд теңге жұмсайды. Ал барлық мемлекеттік қызметкердің жалақысына (жылына) 1 трлн теңге жұмсалады. Бұл тізімге барлық мемлекеттік қызметкер мен әскери қызметкер енген. Аталған сомаға олардың сыйақысы да кіреді. Оларды көлікпен қамтамасыз етуге нақты қанша қаржы бөлінетінін кейін қарастырайық. 1 трлн теңгеде бұл шығын есептелмеген", - деді Мәди Тәкиев Мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ министр барлық мемлекеттік қызметкер МӘМС аясында емделетінін атап өтті.
Аяз Есен
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!