Заңгер Айгүл Орынбек мемлекеттік қызметтегі әйелдердің де ер адамдар тарапынан қорлық көретінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол Facebook-парақшасында бөлісті.
"Қазақстанда мемлекеттік қызметте жасайтын әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді. Басшы еркекке қарсы шықсаң немесе жыныстық қатынасқа түсуден бас тартсаң, бірігіп сыбайлас жемқорлық жасауға келіспесең, қудаланасың. Жақында осы тақырыпта өзімнің зерделеп жүрген ісімді халыққа ұсынамын. Қазақ әйелдерінің құқығы тек үйде емес, қызметте де тапталады. Әйелдер тек күйеулерінен емес, басшы тиран еркектерден де таяқ жейді. Мына оқиға тек бер жағы, ашылмай үндемей жабылып кетіп жатқандары қаншама. ҚР Ішкі істер министрлігінде идеологияға жауапты Қожаев мырза! Қазақ қыздарын полиция басшылары зорлап, ұрып соғып, жемқорлыққа итермелеп өздеріне қол жұмсауына дейін жеткізіп жатыр. Жасап жатқан реформаңыз қайда? Бізді қорғайтын полиция, қашанға дейін қорлайды?!" - деп жазған ол.
Еске салайық, бұған дейін құқық қорғаушы, заңгер Айгүл Орынбек көз жұмған Салтанат Нүкенованың ісіне қатысты бас прокурор Берік Асыловқа жүгінген еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!