- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметшілерге не...
Мемлекеттік қызметшілерге не үшін айыппұл салынады?
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 ай ішінде 112 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 35 млн теңге, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік қызметшілер көбінесе жемқорлыққа қарсы шектеуді бұзғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шара қолданбағаны, бизнестің заңды қызметіне кедергі келтіргені, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны, іс жүргізу әрекеттерімен байланысты құқықбұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.
Агенттік нормативтік құқықтық базаның тиімділігін арттыру және әкімшілік іс жүргізу арқылы неғұрлым ауыр жемқорлық көріністерінің уақытылы алдын алу бойынша белсенді жұмыс істеп жатыр. Мысады, Астана бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті Тексеру комиссиясының аудиторын өз пәтерінде роликті перделер орнату түрінде заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мұндай әрекеттері үшін тексерушіге 2 млн теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар, лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтың кең таралған түрі. "Бизнес жол" жобасы аясында қала құрылысын бақылау, қала құрылысы және урбанистика басқармаларының басшылары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы қаласының Антикоры бұл лауазымды тұлғалардың адал кәсіпкердің заңды қызметпен айналысуына кедергі келтіретін заңсыз актілер шығарғанын анықтаған.
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен заңсыз деп танылды:
- Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының АЖЗ тоқтату және ЖШС эскиздік жобасын келісу жөніндегі іс-қимылдары мен хабарламалары;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама берген субъектілер тізілімінен ЖШС-ні алып тастау бойынша қала құрылысын бақылау басқармасының іс-әрекеттері мен хабарламасы.
Сот шешімінің негізінде лауазымды тұлғалар заңсыз әрекеті үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға тартылды.
ӘҚБтК жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жауапкершілікті де көздейді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә