- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік қызметшілер жұмысқа...
Мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киіммен келді
Фото:
ekaraganda.kz
Республика күніне орай Қарағандыда қала әкімдігінің қызметкерлері жұмысқа ұлттық киіммен келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaraganda.kz-ке сілтеме жасап.
Мереке қарсаңында №62 Қарағанды жалпы білім беретін мектебінің ұжымы "Ұлттық киім - ұлттық рухтың айнасы" атты челлендж бастаған. Челлендждің негізгі мақсаты - ұлттық киіммен жұмысқа келу.
Мемлекеттік қызметкерлер де дәл осы акциядан қалыс қалмаған. Сондай-ақ, олар барлығына бұл акцияны қолдауға шақырады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы