Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мемлекеттік қызметкерлерге берілген ең қымбат сыйлықты атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік мүлік туралы ҚР заңының 216-бабына сәйкес: мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдайтын адамдардың кез келгенінен сыйлықтарды қабылдауға құқығы жоқ және алынған кез келген сыйлықтар мемлекетке берілген сыйлықтар болып саналады.
Комитет заң аясында соңғы 2 жылда мемлекеттік қызметкерлердің мемлекетке тапсырған сыйлық санын жөнінде мәлімет берді.
"2023 жылы комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 83 мемлекеттік қызметкерден 278 дана сыйлық тапсырылды. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша комитеттің аумақтық бөлімшелеріне 56 мемлекеттік қызметкерден 141 дана сыйлық тапсырылды" , - деп жазылған хабарламада.
Ал 2023-2024 жылдарда мемлекеттік органдардың балансына ешқандай сыйлықтар берілмеген.
Ал тапсырылған сыйлықты тапсырған адам Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңы арқылы бұйымды бағалатып, сатып алуға құқылы.
"Мүлікті тапсырушы мүлікті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес айқындалған құны бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде сатып алуға құқылы. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган сыйлықты тапсырған адам сатып алудан жазбаша бас тартқаннан кейін ғана үшінші тұлғаларға сыйлықты сатады", - деп жазылған жауапта.
Ресми жауапта заң аясында 2023 және 2024 жылдары мемлекетке тапсырылған ең қымбат сыйлық Iphone 14 Pro, ең арзаны ыстық сусындарға арналған ыдыс деп көрсетілген.