Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұған дейін хабарланғандай, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң Конституциялық Соттың заңды шешімдерін іске асыруға, оның ішінде жекелеген санаттағы тұлғалар үшін мемлекеттік қызметке мерзімсіз тыйым салуды жоюға бағытталған.
Құжат сыбайлас жемқорлық және ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға шектеусіз тыйымды сақтай отырып, әкімшілік, тәртіптік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылған азаматтарға қатысты шектеулер мерзімдерін белгілейді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Еске салайық, бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев балаларға арналған "Келешек" жаңа жинақ жүйесі туралы заңға қол қойған еді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!