- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік қызмет істері...
Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта құрылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі қайта құрылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3), 5) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 17-1-бабына сәйкес, Мемлекеттік қызмет жүйесі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі оны Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі алдын алу және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасының сақталуын бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады деп белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы болып қайта құрылсын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы аталған Агенттіктің құрылымында ведомство мәртебесіне ие болады және құқық бұзушылықтардың алдын алуды, анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеуді жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады деп белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен бірлесіп бір ай мерзімде осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Осыған дейін бұл ведомствоны Талғат Донақов басқарған болатын.
T. Кіршібаев