Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы мен сингапурлық орталық кең көлемді зерттеу жұмысын аяқтады

Маңызды реформаларды нәтижелі іске асыру үшін озық әлемдік тәжірибелер ескерілуі тиіс.

Ал мемлекеттік қызметкерлердің мұндай тәжірибелерді зерделеуге, теориялық негіздерін сараптауға мүмкіндігі де, уақыты да жоқ. Осы қажеттілікті ескерген Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабы мен Сингапурлық мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ғаламдық орталығы бірігіп, кең көлемді зерттеу жұмысын аяқтады. Хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов бұл еңбек мемлекеттік қызметкерлердің бағыт-бағдар беретін «үстел кітабына» айналатынына сенімді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару саласындағы олқылықтардың орнын толтыруға көмектесуі тиіс.

Әлихан Байменов, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы: - Бұл еңбек аймақтағы мемлекеттердің үкіметтеріне шешім қабылдайтын лауазым иелеріне, мемлекеттік қызмет басшыларына қажет болса, екінші жағынан, бұл еңбек осы саладағы сарапшылар мен ғалымдарға да сөзсіз пайдалы болады. Үшіншіден, осы елдердегі азаматтар да өздерінің мемлекеттеріндегі мемлекеттік қызмет дамуында қандай жаңалықтарды күтуге болады, қай бағыт, қай сұранысты қалыптастыруға болады деген сұраққа жауап таба алады. 

Дереккөз: 24.kz