- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік күзет қызметі...
Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жасады
Мемлекеттік күзет қызметі астаналықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты, 7 және 10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде шектеу енгізіледі.
"Негізінен "Есіл" (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғылы, Достық, Керей-Жәнібек хандары көшелері), "Нұра" (Тұран, Ұлы Дала даңғылы) және "Алматы" (Тәуелсіздік даңғылы Ж.Нәжімеденов, Қ.Аманжолов көшелері.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді", - делінген хабарламада.
Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.
"Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз", - дейді Мемлекеттік күзет қызметі өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина