Мемлекеттік құпияны жария еткен ҚМА қызметкері 5 жылға сотталды

Мемлекеттік құпияны жария еткен ҚМА қызметкері 5 жылға сотталды
Фото: ҚМА

ҚМА қызметкері мемлекеттік құпияларды жария еткені үшін сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.  

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 185-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша К. есімді адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды.

Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді.   

Мұндай қылмыстардың алдын алу - құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі.    

Үкім заңды күшіне енді.   

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек