Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин қазақстандықтарды келе жатқан Конституция күнімен құттықтады.
"Сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, бақыт, амандық-саулық, бейбітшілік пен татулық тілеймін. Бәріміздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы гүлдене берсін!", - деді төраға.
Дәулет Ерғожин еліміздің өркендеуіне Елбасымыздың "Мәңгілік ел" идеясының қосар үлесі зор екенін де айтып өтті. "Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ұсынысымен жарияланған "Мәңгілік ел" ұлттық идеясы да осы Конституцияның ұстанымына сәйкес келеді. Елді ауызбірлікке, татулыққа шақыратын ізгі жол осы құжаттан бастау алған", - деді Ерғожин.
Төраға Конституция күнінің маңызын да тілге тиек етті. Ол 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы елдің болашағы үшін таңдау жасағанын айтты.