- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік кірістер комитеті...
Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан шекарасында көліктердің неге жиналып қалғанын түсіндірді
Электр жүйесіндегі ақау Түркістан облысындағы бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысына әсер етіп, салдарынан көлік кептелісі пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылғы 15 қазанда Түркістан облысындағы электр қосалқы стансаларында төтенше жағдай болғанын еске салды.
Осы ақаудың салдарынан Мақтаарал және Келес аудандарында электр қуатын беру тоқтатылды, бұл "Атамекен" және "Б.Қонысбаев" кеден бекеттерінің жұмысына әсер етті.
"Электр энергиясы сөнген сәттен кеден бекеттеріндегі байланыс нашар болып, бұл кедендік рәсімдеуге және біріктірілген бақылау жүйесінің, оның ішінде электронды кезектің жұмысына кедергі келтірді. Бұл көліктердің екі бағытта да қозғалысының тоқтап қалуына және бақылау-өткізу бекеттерінің алдында көліктердің жинақталуына себеп болды", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік кірістер комитеті жағдайды жедел шешу үшін біршама шаралар қабылдағанын хабарлады.
"Басқа ауысымдардағы қызметкерлерді тарту арқылы бақылау-өткізу пункттері күшейтілген жұмыс режиміне көшті. "Б. Қонысбаев" кеден бекетінің екі бағыттағы өткізу қабілеттілігі 1000 бірлік екендігін ескере отырып, мәселе тез арада шешіледі деп күтеміз", - делінген комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан