Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер департаменті WhatsApp мессенджері арқылы хабарлама қабылдай бастады. Бұл туралы комитеттің төрағасы Facebook желісіндегі "Көлеңкелі экономикамен күрес" парақшасында хабарлады.
"Whatsapp мессенджерінен аккаунт аштық: +77001020202 номеріне экономикалық сферадағы заң бұзушылықтарға қатысты фото, видео жіберулеріңізге болады. Әр деректі тексереміз", - деп жазды ол. Дәулет Ерғожин көлеңкелі экономиканы бірлесіп жеңуге шақырды.