- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік кірістер басқармасының...
Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері қызылордалық кәсіпкерді заңсыз тексерген
Қызылорда облысында кәсіпкерге қатысты заңсыз тексеру жүргізгені үшін Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлеріне айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданының прокуратурасы Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлерімен заңсыз тақырыптық тексеру жүргізу дерегін анықтады.
Басқарманың қызметкерлері тексеру жүргізу туралы нұсқамада көрсетілмеген мекенжайда орналасқан азық-түлік дүкенінде тақырыптық тексеру жүргізген.
Тексеру қорытындысымен кәсіпкер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.
Өз кезегінде басқарма қызметкерлері тексеру тағайындау актісіз тексеру шарасын жүргізіп, кәсіпкердің құқықтарын бұзған.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде тексеру актісі жарамсыз деп танылды және Басқарманың бөлім басшысы мен маманы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 175-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек