- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік гранттар қалай...
Мемлекеттік гранттар қалай бөлінеді?
2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік гранттар қалай бөлінетіні белгілі болды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл сұраққа ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есінбаева жауап берді.
Гранттар ҰБТ нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалады. "Білім туралы" Заңға сәйкес бірнеше квота қарастырылған.
Мысалы, талапкер ауыл мектебінің түлегі болса, оның грант конкурсына ауыл квотасы бойынша қатысу құқы бар. Егер ауылдық талапкер ауыл квотасы бойынша грантқа ие бола алмаса, жалпы конкурсқа қатысу мүмкіндігі қарастырылады. Бұл механизм барлық квоталарға тиесілі.
Сондай-ақ, биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар (50%) сараланған гранттар енгізілді. "Педагогикалық ғылымдар" және "Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат" бағыттары бойынша 150 сараланған гранттан бөлінген. Сараланған грант иегерлері толық шәкіртақы алады.
Еске салайық, 104 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан