Ақтөбеде мемлекеттік грант алып беремін деген желеумен 400 мың теңгені иемденген күдікті анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
35 жастағы тұрғын полицияға алаяқтық дерегі бойынша арызданған. Жәбірленушінің сөзінше, биыл сәуірде қаладағы кофеханалардың бірінде танысы мемлекеттік бағдарлама аясында грант алып беруге көмектесетінін айтып, бұл қызметі үшін ақшалай сыйақы талап еткен.
Осы уәдеге сенген азамат оған 400 мың теңге берген. Алайда уәде етілген қызмет көрсетілмей, берілген қаражат қайтарылмаған.
"Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 32 жастағы күдіктіні анықтап, оны полиция бөліміне жеткізді. Алдын ала мәліметке сәйкес ол алынған ақшаны жеке қажетіне жұмсаған. Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова