Танымал актер Талғат Теменов облыстарды су басу мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы ол "Қасқа жол" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.
"Қазіргі мәселе - су басу. Су мен егісті алға қоюымыз керек. Осы жолы да Президенттің кеңесшілері оны ыңғайсыз жағдайға қалдырғаны ма деп іштей түйдім. Алдында 2 облыс бола ма деп едім, қазір қарасам, бірнеше облыс. Мал шығыны болды. Қыстан әзер шыққан жұртқа үй-жайының суға кеткені отбасыларға қиын болды. Осы тұрғыдан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, ел болып көмектесіп, қиын жағдайға түскен бауырларымызға көмектесуіміз керек. Сирияға, Ауғанстанға көмектесіп жатырмыз ғой. Енді өзімізге көмектесетін кез келді. Бұған мемлекеттік деңгейдегі катастрофа деп қарау керек", - деді өнер иесі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз