2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты конкурсының қорытындысы 10 тамызға дейін жарияланады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғылым және жоғары білім министрлігі мәліметінше, мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары грант иегерлерінің тізімін ресми ақпарат көздері арқылы біле алады.
Кейінгі бес жылда білім грантының саны шамамен 30 мыңға артты.
Еске салайық, білім беру гранты конкурсына қатысу және ақылы негізде оқуға түсу үшін ҰБТ нәтижелері бойынша мынадай шекті балдар белгіленген еді:
- "Педагогикалық ғылымдар" және "Құқық" бағыттары бойынша - кемінде 75 балл;
- "Денсаулық сақтау" бағыты бойынша - кемінде 70 балл;
- "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар" мен "Ветеринария" бағыттары бойынша - кемінде 50 балл;
- ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін - кемінде 65 балл;
- басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін - кемінде 50 балл.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова