- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттік бағдарлама бойынша...
Мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алғысы келгендер алданып қалды
Қызылорда облысында полиция қызметкерлері 17 рет алаяқтық жасап, азаматтардың 35 миллион теңгесін қалтаға басқан екі күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Күдіктілер мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алуға көмектесемін деген сылтаумен жәбірленушілердің ақшасын иемденген.
Полицияға жәбірленушілердің бірі арызданып, алаяқтар несие алуға көмек беремін деп, одан 7 миллион теңге көлемінде қаражат алғанын айтқан. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұсталған күдіктілердің облыс аумағында жасалған осыған ұқсас алаяқтықтың 17 фактісіне қатысы бары анықталды. Жалпы келтірілген материалдық шығын 35 миллион теңгеден асады.
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан