Мемлекеттер басшылары Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына жиналды

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.  

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!