Мемлекеттен қаржы бөлінетін спорт түрі 100-ге дейін қысқармақ

Мемлекеттен қаржы бөлінетін спорт түрі 100-ге дейін қысқармақ
Фото: pixabay.com

Спорт және туризм вице-министрі Серік Жарасбаев мемлекеттік бюджеттен қаржы алып отырған спорт түрлері қысқаратынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда басым спорттың саны - 180. Оның ішінде олимпиадалық, паралимпиадалық бағдарламаларға кіретін түрлері қалады. Жазғы олимпиадалық спорт түрі - 46, қысқы спорт түрі - 15. Онымен қоса, ұлттық спорт міндетті түрде басым спорт түрлеріне кіреді. Мұнан бөлек олимпиадалық емес, мәселен, 4 жылда бір рет өтетін Азиада ойындарына кіретін де спорт түрлері бар. Солардың бәрін қосқанда 100 спорт түрі қалады", - деді Серік Жарасбаев.

Айта кетейік, бүгін Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу" және нормаларды шектен тыс (шектен тыс) заңнамалық реттеуді алып тастау туралы" заң жобасы талқыға салынды. 

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz