- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мемлекеттен жәрдемақы шығарып...
"Мемлекеттен жәрдемақы шығарып беремін" деп тұрғындарды алдаған алаяқ әйел ұсталды
Түркістанда "мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін" деген желеумен облыс орталығының үш тұрғынын алдап, ірі көлемде ақша алған жергілікті тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Мassaget.kz Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, ҚПБ-ға бірнеше жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізген. Олардың айтуынша, сырттай таныс әйел "мемлекеттен қайтарымсыз жәрдемақы шығарып беремін" деп сенімдеріне кіріп, әрқайсысынан 150 000 теңгеден алған. Бұл оқиға соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық " бойынша тіркелген.
Түркістандық полицейлер күдіктіні қолға түсіру бағытында қарқынды іздестіру шараларын жүргізіп, алаяқтық қылмысын ашу мақсатында жәбірленушілерден нақты мәліметтер алған. Осылайша, жедел жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде орта жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Г. Досымшалова"Күдікті әйел қайтарымсыз ақша алып беремін деп, 3 тұрғыннан 150 000 теңгеден алып, бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты соталды тергеп тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.