Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады?

Мемлекеттен әлеуметтік қолдауды кімдер ала алады?
Фото: Midjourney

Қазақстанда әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтар санаты бекітілді. Тиісті бұйрыққа премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік қолдауға құқығы бар азаматтардың тізімі жаңа Салық кодексі аясында әзірленген. Ол 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл санатқа мына азаматтар кіреді:

  • арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы;
  • мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы;
  • арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар;
  • зейнетақы алатын мүгедектігі бар адамдар;
  • он сегіз жасқа толмаған жетім бала және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы;
  • әлеуметтік мәні бар аурулардың тізіміне кіретін ауруға шалдыққан адам;
  • айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар тізіміне кіретін ауруға шалдыққан адам;
  • кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерінің тізіміне кіретін ауруға шалдыққан адам.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget