- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекеттен 345 мың...
Мемлекеттен 345 мың теңгені қалай алуға болады?
Қару өткізген адамдар 345 мың теңгеге дейін ала алады. Әзірге бұл Ақтөбе облысында ғана өтетін акция. Өзге өңірлерде мұндай науқан бола ма, жоқ па - әзірге белгісіз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Диапазон" сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, 2023 жылдың 10 сәуірінен бастап мемлекет заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып ала бастайды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіндегілер хабарлаған.
"Қару-жарақ пен оқ дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауаптан босатылады", - дейді полицейлер.
Ерікті түрде тапсырғандарға мемлекет қарудың әрбір бірлігі үшін 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейін төлейді (1 АЕК - 3450 теңге). Оның ішінде:
Атыс автоматты мылтық қаруының әрбір бірлігі үшін 100 АЕК (345 000 теңге) дейін;
Ұзын ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 50 АЕК (172 500 теңге) дейін;
Атыс мылтығы қысқа ұңғылы қарудың әрбір бірлігі үшін 40 АЕК (138 000 теңге) дейін;
Тегіс ұңғылы атыс қаруының әрбір бірлігі үшін 30 АЕК (103 500 теңге) дейін;
Травматикалық қарудың әрбір бірлігі үшін 10 АЕК (34 500 теңге) дейін;
Әрбір граната, мина, жарылғыш құрылғы үшін 7 АЕК (24 150 теңге) дейін;
Әрбір 1000 грамм жарылғыш заттар үшін 6 АЕК (20 700 теңге) дейін;
5.6 мм-ден астам калибрлі мылтық патроны үшін 1/35 АЕК дейін
5.6 мм калибрлі мылтық патроны үшін 1/115 АЕК дейін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина