Желіде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы хабар тарады. Банк өкілдері бұл ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Банк мәліметінше, желіде Отбасы банктің қолдауымен мемлекеттен 116 680 теңге алуға болатыны туралы жалған ақпарат тарады.
"Алаяқтар: 10 жылдан астам еңбек өтілі бар ҚР әр азаматы Отбасы банкінің қолданыстағы шоттарына еңбек шегерімін ала алады деп мәлімдейді. Алаяқтар сілтеме арқылы өтіп, WhatsApp-қа "сәлем" сөзін жіберуді сұрайды екен. Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін, күдікті сілтемелер бойынша өтпеуіңізді, жеке деректеріңізді бөліспеуіңізді және тек Банктің ресми ақпарат көздеріне сенуіңізді сұраймыз", - деді банк өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!