- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекетке миллиард теңге...
Мемлекетке миллиард теңге залал өтелді
Бас әскери прокуратураның қадағалау шаралары нәтижесінде мемлекетке миллиард теңге залал өтелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Қорғаныс министрлігінің "K-Dorstroy" АҚ-на 1 миллиард 36 миллион теңге көлемінде аванстық төлем және 31 миллион теңге сомасында айып өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды.
Бұл АҚ Алматы облысының Іле ауданындағы "Жетіген" аэродромының ұшу алаңына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндеттелген, бірақ келісім шарттарын орындамаған.
Сот шешімін ұзақ уақыт орындамауына байланысты Бас әскери прокуратура бірқатар шара қабылдап, әділет органдарына қадағалау актісін енгізді.
Нәтижелері бойынша залал толық көлемде өтелді: борышкер мемлекет кірісіне 1 миллиард 67 миллион теңге аударды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова