- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекетке 300 миллион...
Мемлекетке 300 миллион теңгеден асатын активтер қайтарылды
Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары активтерді мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Елде заңсыз иемденілген активтерді анықтау және қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
"Солтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерлер Жер кодексінің талаптарын бұза отырып, жалпы ауданы 10,2 мың гектар болатын 14 ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған. Қадағалау органының шараларымен жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.
Ал Қызылжар ауданы прокурорының талабы бойынша қала маңындағы беделді аудандағы 47 гектар заңсыз берілген жер телімі мемлекетке қайтарылды.
Қабылданған қадағалау шараларымен мемлекетке жалпы сомасы 300 миллион теңгеден аса активтер қайтарылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова