- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекетке 243 млн...
Мемлекетке 243 млн теңге залал келтірген полицей сотталды
Ақтөбе облысында мемлекетке 243 млн теңге залал келтірген полицей сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәртөк аудандық соты "Е"-ге қатысты, яғни өзі үшін пайда мен артықшылықтар алу мақсаттарында өзінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық істі қарады (ҚК 362-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы).
Қысқаша фабула:
Сотталушысы "Е" Ақтөбе облысының полиция департаменті Мәртөк ауданы бөлімі басшысының орынбасары бола тұра, 2020 жылдың тамыз айында өзіне берілген өкілеттіктерінен асып, "А" ЖШС-не қылмыстық іс бойынша заттай дәлелдемелерді, оның ішінде түрлі ассортименттегі темекі түріндегі, 611 960 қорап мөлшерінде акцизсіз заңсыз берді.
Бұл ретте "А" ЖШС-нан Департаментің есеп шотына темекі өнімдерін сатудан түскен ақшалай қаражат түскен жоқ. Салдарынан мемлекетке 243 млн.теңге сомасына аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірілді.
Сотталушының ұстанымы:
Сотталушы кінәсін мойындамады және темекіні одан әрі іске асыру үшін "А" ЖШС-на бергенін түсіндіріп, бұл ретте ешқандай пайдакүнемдік ниеті болмағанын көрсетті.
Прокурордың ұстанымы:
Прокурор соттан ҚР ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша "Е"-ні кінәлі деп тануды және полиция майоры арнаулы атағынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
Соттың шешімі:
Соттың үкімімен "Е"-ге 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыра отырып, полиция майоры арнайы атағынан айырылды.
Сонымен қатар, Ақтөбе облысы полиция департаменті бастығының атына іс бойынша белгіленген заң бұзушылық фактілерін бұзғаны үшін жекеше қаулы шығарылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина