Мемлекет кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың бұрынғы қонақүйін сата алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Комфорт Отель Астана" сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендер өткізілмеген.
Себебі тендер бойынша ешкім өтініш бермеген. Аукционға бір адам ғана қатысса да сауда жүргізілетіні айтылған.
Қонақ үйдің бастапқы бағасы - 3,9 млрд теңгеден, ал кепілдік жарна 587 млн теңге болған.
Қонақүйді сатып алушыдан Қазақстанда қонақүйлерді басқарудың 7 жылдық тәжірибесі талап етілді. Сенімгерлік басқару мерзімі 5 жыл болды, ал қонақ үйді 1 жылдан кейін ғана мерзімінен бұрын сатып алуға болады. Кәсіпкер Қайрат Боранбаев бұл қонақүйді мемлекетке сот процестері кезінде және одан кейін тапсырған.
Боранбаев мемлекетке берген мүліктің құны 134,5 млрд теңгеден асады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!