- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мемлекет қаржысын игере...
Мемлекет қаржысын игере алмаған министрліктер аталды
Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев биыл 9 айда мемлекет қаржысын игере алмай отырған министрліктер мен өңірлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2023 жылғы 9 айда мемлекеттік бюджетке 13,8 триллион теңге және республикалық бюджетке 9,2 триллион теңгеге жуық кіріс түскен.
Жергілікті бюджеттердің кірісі 4,7 триллион теңге болған. Республикалық бюджетке 16 триллион теңгеге шығыстар жүргізілген. Атқарылмау - 70 млрд теңге, оның ішінде үнемдеу - 16 млрд теңге.
"54 млрд теңге игерілмегеді. Игерілмеудің неғұрлым ірі сомалары Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, Ішкі істер және Төтенше жағдайлар министрліктерінде қалыптасты", - деді министр Үкімет отырысында. Сондай-ақ жергілікті бюджеттердің шығыстары 9 триллион теңге болған.
49 млрд теңге атқарылмаған. Биыл өңірлерге 2 триллион теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделіп отыр.
"Оларға 1 қазанға 1 триллион 112 млрд теңге бөлінген. Оның 98,5 пайызы игерілген. Атқарылмағаны - 17 млрд теңге. Оның ішінде 1 млрд теңге - үнемдеу, 16 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу - Астана қаласы, Маңғыстау, Атырау және Қарағанды облыстарында", - деді вице-премьер.
Игерілмеудің негізгі себептері келесідей:
Конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу;
Шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін ұзақ жүргізу;
шот-фактуралар мен атқарылған жұмыс актілерін уақытылы ұсынбау және тағы басқа.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина