Мемлекет басшысының Жарлығымен Көлік министрі ауысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Massaget.kz Ақордағы сілтеме жасап.

Нұрлан Сауранбаев бұл қызметті 2025 жылдың маусым айынан бері атқарып келген еді.

Президент Жарлығымен Көлік министрі қызметіне Әсел Жұбанышқызы Жанасова тағайындалды. 

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Әсел Жұбанышқызы Жанасова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Көлік министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, — делінген ресми хабарламада.

Әсел Жанасованың өмірбаяны

1987

Алматы қаласында дүниеге келген.

2010

2010 жылы Президенттің "Болашақ" халықаралық стипендиясымен Кембридж университетін компьютерлік ғылымдар мамандығы бойынша, 2014 жылы Кембридж университеті мен М.В. Ломоносов атындағы ММУ-дің магистратурасын Executive Management бағдарламасы бойынша тәмамдаған.

2010-2014

Халықаралық компанияда ақпараттық технологиялар маманы, ақпараттық технологиялар басқармасының менеджері, киберқауіпсіздік департаментінің директоры.

2014-2016

Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық технологиялар департаменті директорының орынбасары.

2016-2017

"Зерде" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ басқарма төрағасы.

2017-2018

"Астана" халықаралық қаржы орталығы басқарушысының кеңесшісі.

2018-2020

"Астана" халықаралық қаржы орталығының цифрлық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры.

2020-2022

Қазақстанның Сауда және интеграция вице-министрі.

2022-2025

"Қазпошта" АҚ басқарма төрағасы.

2025 ж. 8 маусым

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

2025 ж. 10 желтоқсан

Мемлекет басшысының Жарлығымен Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Әсел Жанасова — Дүниежүзілік экономикалық форумның Young Global Leader 2025 (WEF) мүшесі және Global Women Asia Fellow 2024 халықаралық көшбасшылық бағдарламасының қатысушысы.