Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" науқаны жай ғана жалпыұлттық бастама емес, бұл - халқымыздың саналы таңдауы екенін атап өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Президент "Таза Қазақстанды" ұлт болмысына озық өзгерістер әкелген бірегей жоба деп атауға да болатынын айтты.
"Осындай маңызды жұмыстың арқасында халқымыздың бойында мүлде жаңа қасиеттер мен құндылықтар пайда бола бастады. Бірақ арқаны кеңге салып, мәз болып, босаңсуға болмайды. Біз өркениетті ел боламыз десек, тек алға қарай жүруіміз керек. Алдымызда тұрған биік және өзекті мақсаттар мен міндеттер аз емес, көп деп айтуға болады. Біз "Таза Қазақстан" қозғалысын жаңа сапалық деңгейге көтеруіміз керек. Елімізде тазалықтың ұлттық стандартын әзірлеу қажет деп ойлаймын. Бұл - уақыт талабы", - деді ол.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясына қатысты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!