Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ирландиялық Иан Гэрриден басым түскен Шавкат Рахмоновты кезекті жеңісімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметі Telegram арнада жазды.
"Мемлекет басшысы қазақстандық атлеттің кәсіби спортта жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өтіп жатқан UFC 310 турнирінде ирландиялық Иан Гэрриді жеңіп шықты. Жекпе-жек жоспарланған бес раунд бойы өтіп, төрешілер шешімі бойынша Шавкат жеңіске жетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!