Мемлекет басшысы Куба Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудес пен кубалықтарды осы елдің ұлттық мерекесі - Революцияның салтанатты жеңісі күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен сенім рухында дамып келе жатқан ынтымақтастық бірлескен күш-жігер арқылы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің жауапты қызметіне толайым табыс, ал Куба халқына бақ-береке тіледі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа 2025 жылмен құттықтады.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!