Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Баршаңызды Отбасы күнімен құттықтаймын! Бұл мерекенің Отанымыз үшін маңызы айрықша. Бақытты әрі берік шаңырақ - еліміздің игілігі мен өркендеуінің кепілі. Мемлекет отбасы институтын қолдап, осы салада кешенді саясат жүргізе беретін болады", - деп жазды Президент Twitter-де.
2013 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер" туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгілеген болатын. Мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.