Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда болған жер сілкінісіне байланысты жапон халқына сабыр тілеп, табиғат апатының салдары ауыр болмайды деп үміттенетінін айтты. Өз кезегінде Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапарын, соның ішінде "Орталық Азия + Жапония" Диалогының бірінші саммитіне қатысуын амалсыздан кейінге шегергенін өкінішпен жеткізді.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Фумио Кишида қазақ-жапон қатынастарының қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылап, өңіраралық ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!